Русский Сайттың толық нұсқасы

Ажырасқан әйелін лифт алдында ұрған ер адам жазаланды

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2024
  • 314

Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты көп қабатты үйлердің бірінде лифтіде бірге тұрған әйелін ұрған бұзақыға үкім шығарды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.

Сотталушы бірге тұрған әйелді үйдің кіреберісінде бірнеше рет ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Сот ер адамды «Бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сотталушының кінәсі өзінің мойындауымен, жәбірленушінің айғақтарымен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.