Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда асқазан-ішек жолы арқылы таралатын инфекция өршіп тұр

Павлодарда асқазан- ішек жолы арқылы таралатын инфекция өршіп тұр. Жарты жылда 98 адам ауырған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 есе көп. Былтыр тек 9 адам дәрігер көмегіне жүгініпті. Науқастардың дені- бала. Мамандар қолды жумай тамақ жеу арқылы ішекке инфекция түсетінін ескертеді. Аурудың негізгі белгілері -дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, жүрек айну және асқазанда астың тұрмауы.