Русский Сайттың толық нұсқасы

"Astana Graffiti" фестивалі басталды

Президент орталығында Astana Graffiti Фестивалі басталды. Бұл- street-арт жанрының кәсіби шеберлері мен әуесқой суретшілерді біріктірген алғашқы жоба. Аталмыш жоба халықаралық аренада қазақстандық өнердің мәдени алмасуына және ілгерілеуіне ықпал етеді. Сондай-ақ көшеде сурет салу өнерін қоғамда оң қабылдауға және дамытуға арналған. Арнайы галлереяда кез-келген адам сурет салып, кәсіби шеберлердің өнерін тамашалай алады. Стрит – арт жанрында жұмыс істейтін кәсіби және әуесқой авторлардың шығармашылық әлеуетіне қолдау көрсету басты мақсатымыз дейді – ұйымдастырушылар.

Елден САРЫБАЙ, "ASTANA GRAFFITI FESTIVAL" ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

  Әр қатысушымыз өз потенциалын осы фестивальда көбейтеді. Өйткені көп кісі аэрозольная краскамен көп кісі жұмыс істемейді. Ал осы жерде арнайы сол үшін бір экспериментальная площадка сияқты.

Сырым МҮСІРЕП, КӘСІБИ МҮСІНШІ, СУРЕТШІ:

Жалпы өнер бөлінбейді. Өнер тармақталады әркімнің жеткізуі әр қалай. Құралдар өнерде әртүрлі. Өнер ол махабатты шың жүректен адал мейрімділікпен ізгілікті және де әлем жақсылығы жолындағы әсемділікті насихаттайтын, дәріптейтін бірегей құрал. Оның мағынасы мәні бар және де түпкі сана аралығында ол оқылады. Көрермендер оьны сезіне алады.