Далада адасқан ауыл тұрғындарын Ақмола облысының полицейлері іздеп тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, 5 адамнан тұратын топ Аudi автокөлігімен Қараоқты ауылына қарай зиратқа кетіп, бір тәулік бойы байланысқа шықпаған.
"Бізді қатты алаңдатқаны бұл адамдар қатарында зейнеткер болды. Ол жасына байланысты мұндай сапарды көтере алмауы мүмкін еді", - деді полицейлер.
Степногорск қаласынан 30 шақырым жерде жоғалып кеткен жүргізуші табылды.Жаңбырдан кейін оның көлігі батпаққа кептеліп, істен шыққан, өзі әлсіреген. Далада бір тәулікке жуық уақыт өткізген, шаршаған ауыл тұрғыны бірден шамамен 2 литр су ішкен.
Қалған ауыл тұрғындары Изобильное ауылынан шамамен 30 шақырым жерде табылды.