Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан 85-90 млн тонна мұнай өндіруге қауқарлы

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2017
  • 2805

Қазақстанның мұнай өндірісін 81 миллион тоннаға дейін үлғайтуы ОПЕК келісімдеріне қайшы келмейді. Бұл туралы Энергетика министрінің кеңесшісі Асқар Жолдинов мәлімдеді. Оның айтуынша, қара алтынды тәулігіне 20 мың баррельге азайту туралы келісім алғашқы жарты жылдықта тоқтайды. Ал мұнай саласындағы сарапшылардың пікірі бойынша, биыл Қазақстан 85-90 миллион тонна өнім алуға қауқарлы. Мамандар Қашаған кен орны алдағы үш жылда 30 миллион тонна қара алтын алуға мүмкіндігі барын айтқан.

Жалпы биылғы жоспар бойынша 81 миллион тонна мұнай өндіру көзделіп отыр. Осы жылы  Қашағаннан 8 млн тонна, ТШО-да 27,5 млн тонна және Қарашығанақтан 11,9 млн тонна мұнай алу көзделген. Сондай-ақ 2018 жылы мұнай өңдеу зауыттарының модернизациясы аяқталса, дайын өнімді 1,5 миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік бар.

Елдос САПАРҒАЛИ