Русский Сайттың толық нұсқасы

Суға шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға кетті, оның 30-ы бала

Шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға кетті, оның 30-ы бала. Қайғылы жағдай Ақтөбе, Түркістан облыстарында жиі тіркеледі. Мамандар дабыл қағып отыр. Жұрт нені ескеру керек? Тілшіміздің репортажы.

Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Біз қазір қаламыздағы рұқсат етілген жағажайдамыз. Бұл жер де адамға толы. Жалпы неліктен тыйым салынған жағажайларға баруға болмайды. Себебі ол жерде құтқарушылар уақытында табылмауы мүмкін. Ал, рұқсат етілген жағажайларды тіпті, судың тереңдігі де орташа. Және бұл жерде сіз қандай да бір суға батып бара жатсаңыз да. Сізді құтқарып алу ықтималдылығы өте жоғары. Себебі бұл жерде құтқарушылар орнында тапжылмай отырады. Әрбір адамды өздерінің назарларында ұстауға тырысады.

Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Дегенмен де сіздер суды қаншалықты таяз десеңіздер де белгілі бір уақытта. Мен айтқандай суды қаншалықты таяз десеңіздер де батып кету қаупі өте жоғары

Елордада шомылуға арналған 5 жағажай мен тыйым салынған 21 учаске бар. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін рұқсат етілмеген жерлерге 100-ден астам тыйым салу таңбасы мен қалқыма белгі қойылған. Құлақ аспағандар айыппұл төлейді. Дегенмен оны елемейтіндерде бар. Қайғылы жағдай көбіне жабайы жағажайда болады дейді мамандар.

Ақылбек АХМЕТЖАНОВ, ҚР ТЖМ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Шомылу маусымының басталуымен суға батып қайтыс болғандардың 15 пайызы немесе 10 жағдай рұқсат етілген, 85 пайызы немесе 54 жағдай рұқсат етілмеген, қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген су көздерінде орын алып отыр.

.Рұқсат етілмеген аймақтарға суға түскендерге алдымен ескерту жасалады. Егер мамандар айтқан кеңеске құлақ түрмеген, ескертуді елең қыл¬мағандар анықталса, айыппұл салынады.

Нұржан ӘШІРБЕКОВ, АЛМАТЫ АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ:

Шомылу талаптарын бұзса әкімшілік кодескстің баптары көрсетілген 7 айлық көрсеткіште штраф салынады. Кәмелет жасқа толмағандар болса ұсталынып ата-анасы шақырылады прафликатика қткізіліп. Хаттамасы салыеып беріледі. Кәмелеттік жасқа толмағандарға заңды жауап беретін тұлға ата-анасы соларға штраф енгізіледі.

Халық саны миллионнан асатын қалаларда 100-150 құтқарушы бар. Олар жаз айларында ғана емес, барлық маусымда, басқа да төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын жүргізеді. Қазақстанда 85 мыңнан астам өзен мен 48 мыңнан астам көл бар екенін ескерсек, барлық жағажайға құтқарушыларды қою мүмкін емес дейді мамандар.