Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетінші қабаттан қызыл жалын шығып, өрт сөндірушілер әйел адамды құтқарды

Көпқабатты үйден өрт шығып, әйел адам құтқарылды. Оқиға Елордадағы тұрғын үйдің жетінші қабатында болған. Тілсіз жаудың арасында қалған әйел терезеден шығып, көмек сұрайды. Балконға асылып тұрған оны көрген құтқарушылар жедел қимылдап, аман алып қалды. Шұғыл әрекет еткен өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі әйелді алтыншы қабаттың терезесінен ұстап қалған.

 Қадыр ӨМІРЗАҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ №2 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ӨРТ СӨНДІРУ КӨЛІГІ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Әйелдің айғайлаған дауысы шықты. Енді бір қараған кезде ол бір жақ денесімен уже балконнан салбырап тұрды. Сол моментте өзім бел будым үстіне көтерілуге, жаңағы алтыншы этажға барып, қызды құтқарып алдым. Жұмысымыздың өзі ЧС болғаннан кейін - адам өмірін құтқару, одан кейін - мүлік.

 Тілсіз жау түнгі уақытта пәтердің ас бөлмесінен шыққан. Өрт кезінде әйел адам онда жалғыз болған. Құтқарушылардың есікті бұзып кіруіне тура келіпті. Жалын жарты сағатта алауыздықталып, басқа пәтерлерге зақым келмеді. Қазір өрттің негізгі себебі анықталып жатыр.

Бағлан БЕКШЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ №2 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ:

12 адам бардық барлығымыз. Есігін ашу қиын болды, сомен есікті бұздық. Сомен мен кірсем іші қара түтін, фонарикпен іздеп тұрдым да, бірден ашық тұрған есікке кірсем балкон стеклянный, сырты көрініп тұр екен. Соған барсам уже ана кісі қолмен асылып тұр екен.  Өрт кеткен жоқ, ешқандай таралым болған жоқ. Өртті сол моментте, сол үйдің ішінде өшіріп тастадық.