Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда маңындағы Қарасу өзенінің жағасы қоқыстан тазарды

Қарасу өзенінің айналасы қоқыстан тазарды. 70-ке жуық адам атсалысқан экоакцияны "АМАNАТ" партиясы ұйымдастырды. Осылайша елорда маңындағы өзеннің жағасы артық заттардан толық тазартылды. Бұл соңғы "Таза бейсенбі" акциясы емес. "Таза Қазақстан" жалпыұлттық жобасы аясындағы бастама қала мен қала маңында әрі қарай да жалғаспақ.

Рамазан ЕРКІНБЕК, ВОЛОНТЕР:

Сәуір айынан бастап біз белсенді қатысудамыз. Университет жастары болып, “Жастар рухы” Жастар қанатының белсенділері болып қатысып жатырмыз.

 Санира ЖҮСІПОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Әр бейсенбі сайын біз шығамыз, әр бейсенбі сайын бізде локацияларымыз өзгереді. Біздің Астана, елорда қаласының қонақтары бәрі келіп демалады. Сол демалғанда өкінішке орай бізде мәдени, экологиялық тәрбие жоқ. Біз мына акцияны тек қана тазалап емес, оларды мәдени тұрғыда тәрбиелеуге тырысып жатырмыз. ол акция бүкіл Қазақстан бойынша жалғасын табады.