Павлодарда «Таза Қазақстан» акциясының аясында «Жасыл weekend» шарасы өтті. Мақсат тұрғындарды табиғатты қорғауға, қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Акция шеңберінде түрлі сайыстар ұйымдастырылып, суретшілер таза табиғатты бейнеледі. Ал ұйымдастырушылар қойған сұраққа дұрыс жауап берген тұрғындар сый сыяпаттарға ие болды. Бұдан бөлек экологияны жақсарту арналған шеберлік сағаты да өткізілді. Бұл орайда бала тәрбиесіне экотәрбиені енгізу ұсынысы айтылды. Ұйымдастырушылар тек мерекелік іс-шара ғана өткізіп қоймай, Ертіс өзенінің жағалауында тазалық жұмыстарын да жүргізді.
Александр ВЕРВЕКИН, «ПАВЛОДАР ГЕОГРАФИЯ ҮЙІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Біз адамдарға қоршаған ортаны қорғаудың аса маңызды екенін жеткізгіміз келеді. Адамдардың көбі біз қоқыс тастамаймыз - дейді. Ал егер қоқыс тастамаса, ол қайдан келді. Мәселе осыда болып тұр. Сондықтан бұған өзіміз кінәліміз. Әр адам өз-өзін тәбиелесе, біздің қаламыз да даламыз да таза болар еді.