Русский Сайттың толық нұсқасы

Сирияда Ресейден 4 мың, ТМД елдерінен 5 мың содыр соғысып жүр

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2017
  • 2072

Сирияда ТМД-ның 9 мыңнан астам содыры соғысып жүр. Оның 4 мыңы - ресейліктер. Владимир Путин Сирия жағауларын барлауға шыққан теңізшілерімен кездесуінде осылай деді. «Интерфакстың» хабарлауынша, Ресей президенті аталмыш мәліметтерді бас штаб пен өзге де арнайы қызметтерден алған. «Бұл, түптеп келгенде, Ресейге қауіп төндіреді», - деді Путин.

Сондай-ақ сөз барысында Владимир Путин Астанада өткен Сирия бойынша келіссөздерге жоғары баға берді. Және келісілген оң нәтижелер Женевада өтіп жатқан кездесуде де жалғасын табады деген сенімін білдірді. Айта өтейік, бүгін Женевада Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздердің екінші күні өтіп жатыр.