Бүгін Алакөл ауданында 2017 жылы туылған қыз бала демалыс аймағынан көлге қарай кетіп жоғалып қалған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, құтқарушылар дереу іздеу жұмыстарына кірісіп, біраздан соң баланы көл жағасында аман-есен тапқан. Жоғалған балаға медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ ересектерге демалыс орындарында балаларды үнемі бақылауда ұстаудың маңыздылығын ескертті.