Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда көпірден секіргендер айыппұл арқалады

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2024
  • 260

Атырауда көпірден секіргендер айыппұл арқалады, - деп хабарлайды AtyrauPress.

Әлеуметтік желіде жаяу жүргіншілерге арналған көпірден Жайық өзеніне секірген жасөспірімдердің видеосы тараған еді.

Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы мәліметінше, бұл дерек бойынша мемлекеттік мекемелердің көмегімен 3 жасөспірім анықталып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Департамент қызметкерлері жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

"Атырау облысының аймағында суға шомылу маусымы ресми түрде ашылған жоқ. Өз өмірлеріңізге жауапкершілікпен қараңыздар!" - деп жазылған хабарламада.