Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы ескі үйлер қашан бұзылады?

Алматы қаласында тозығы жеткен тұрғын үйдің тұрғындары бас көтерді. Айтуларынша, салынғанына 1 ғасырға жуық уақыт болған баспаналарының әбден тозығы жеткен. Көпқабатты үйдің қабырғалары түсіп, кірпіштері құлап жатыр. Амалы таусылған жұрт кімнен көмек сұрарын білмейді.

Мегаполистегі ескі үйлердің саны 1400. Оның 43 пайызы Түрксіб ауданында орналасқан. Мұндағы тұрғындар үйіміз үйіндіге айнала ма деп алаңдайды. Себебі ескі баспаналар құлауға шақ тұр.

Ықтияр ЕРМАҒАНБЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Үйдің жағдайы өте нашар. Отопление жоқ, су жоқ өзіміз кіргізіп алдық. Газ бар еді бұрыннан . Сырость, жаңбыр жауатын болса сырость сразу 1-ші этажға ұрады бірден. Оның үстіне үлкен кісілер бар мына жерде. Мать героиня бар, көпбалалы аналар бар.

Төбемізден су сорғалап, құтымызды қашырады. Үйімізді жаңартайын десек, әкімдіктегілер баспанамызды бұзып, орнына жаңа қоныс береміз деген соң, күтуден басқа амалымыз болмай отыр дейді жұрт.

Қарлығаш ТУРКЕБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Су ағып жатыр уже. Крышадан су кетеді. Су тамады. Жоғарғы үйлерден тамады. Енді барынша ремонт жасадық алдында. Енді қазір сносқа кетеді дегеннен кейін не ремонт жасай алмаймыз. Не ішін жаңарта алмаймыз ол үйдің. Сонымен отырмыз күтіп.

Ал әкімдіктегілер мәселені шешу үшін жұмыстар жүріп жатқанын айтады.

 Алтынбек НҰРАТҰЛЫ, КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫС КӘСІПОРНЫ БАСҚАРМАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы шеңберінде жыл басынан бері 280 тұрғынды қоныстандырды. Ал осы жылдың соңына дейін тағы қаладағы 54 ескі үйдің 2000 - ға жуық тұрғынына жаңа пәтерлердің кілті табысталады. Бірақ нақты кімге екенін дөп басып айта алмаймыз. 2030 жылға дейін қаладағы бұзылатын үйлердің 60 пайызға жуығын қамтимыз деген жоспар бар.

Жомарт ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Бағдарламалардың шарттарына сәйкес мерзімі өткен, тозығы жеткен, адам өміріне қауіп төндіретін мынадай үйлерді бұзып, орнына спорт алаңдары, паркинг және маңызды әлеуметтік нысандары бар заманауи тұрғын үй кешендері салынады. Және ондағы пәтерлер алдыңғыға қарағанда орта есеппен 10 шаршы метрге артық болмақ.