Енді сөредегі өнімнің жарамдылығын, еттің сапасын QR код арқылы біле аласыз. Сондай-ақ онда малдың толық өмірлік циклы көрсетілген. Барлық облыста және қалаларда жаңа жоба іске қосылды. Қазір жобаға еліміздегі 1664 мал сою орны, ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханалары, сауда орындары қосылған. Осылайша елдегі сою және ішкі сауда объектілерінде ветеринариялық-санитариялық сараптаманы қатандатпақ. Айта кетейік, осы уақытқа дейін QR-код арқылы 117 мыңнан астам ветеринариялық анықтама бланкісі және 438 мың сараптама қорытындысы шығарылды.
Әскербек ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, ҚР АШМ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Әр малдың өзінің нөмері болады. Сол нөмері арқылы әрқайсысына бөлек бөлек QR код беріледі. Осы бағдарламаның қажетті жері мынау малды жеке аулаларда союға рұқсат жоқ. Осы жеке аулаларда союдың алдын алудың болдырмаудың алдын алу бойынша осы бағдарлама енгізілді.
Майра ДАУЛЕНОВА, САТУШЫ:
Бізде мысалы таңертең ет алып келеміз. Бірінші бізде 4 вет врач бар. Бірінші справка тексереді. Одан кейін іш құрылыстарын тексереді. Одан кейін барып етті тексереді. Содан кейін барып рұқсат береді. Тексерілгеннен кейін барып бізге мынадай сертификат беріледі. Бұл жерден шыққаны, қай күні шыққаны, қанша уақытқа жарайтыны бар.