Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраудағы 4 жасар баланың өлімі: балабақша директоры мен тәрбиеші үйқамақта отыр

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2024
  • 360

Атырауда 4 жасар бала балабақшаның кәріз құдығына құлап, мерт болған еді. Осы іске байланысты балабақшаның директоры мен тәрбиешісі үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 10 шілдеде Атырау қаласының маңындағы Құрсай ауылында болған.

Күндізгі сағат 11:05–те осындағы "Чебурашка" балабақшасында 4 жасар бала кәріз құдығына құлап қайтыс болған.

Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр.