Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да су таситын көліктің жүргізушісі суға батып кете жаздады

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2024
  • 244

Батыс Қазақстан облысында 54 жастағы ер адам құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Жәнібек кентінде № 21 өрт сөндіру бекетінің құтқарушы-өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты А.С. Әлімов су таситын көлікке су алып жатқанда абайсызда құлап, бата бастаған 1970 жылы туған жүргізушіні құтқарып, судан шығарды.

Ер адамға медициналық көмек қажет емес.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.