«Өзіңді сайлаушылар тізімінен тап». Елімізде осындай атаумен ерекше акция басталды. Төртінші наурыздан бастап азаматтар сайлаушылар тізіміне үңіліп, ондағы өзі туралы мәліметтерді тексере алады.Қажет болса тұрғындардың ондағы кей мәліметтерді түзетуге де мүмкіндігі бар. Акция еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатыр.Ол тіпті, демалыс күндері де жүреді. Сайлаушылардың толық тізімі сайлау учаскелеріне төртінші наурызда түсті. Енді 19-шы наурызға дейін азаматтар тізімнен өздерін тауып, деректердің дұрыстығын тексеріп, қажет болғанда түзетулер енгізе алады. Шығыс Қазақстан облысында бүгінге дейін акцияға 20 мың адам қатысты. Сайлау комиссияларының мүшелері, азаматтарды белсенділік танытуға шақырады. Себебі тізімдегі деректерде қате кетуі мүмкін. Немесе кей азаматтың тізімнен табылмауы да ықтимал. Мәселен, ерлі зайыптылардың тізімге тек біреуі ілігіп,екіншісі мүлде болмай шықса таңқалмаңыз.
-Нет только вы в списках есть.
-И что ему нужно сделать?
-Адресную справку с ЦОНА и удостоверение личности, и подойти к нам
.- И все? Вы внесете в базу данных?
-Да»
Бұл қызмет телефон арқылы да көрсетіледі. Ал сайлау күні өзінің тұрғылықты мекен жайында болмайтын азаматтар есептен шығу куәлігін алулары тиіс.
Александр Рукин, ШҚО бойынша сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Есептен шығу куәлігі бойынша азамат парламенттік сайлауға ғана қатыса алады. Бір-ақ бюллетень беріледі. Ал сайлау күні бір сайлау округіне кіретін, мысалы Күршім, Катон-Қарағай немесе Көкпектіге жолға шыққан азаматқа облыстық мәслихат сайлауына қатысуға мүмкіндік беретін тағы бір бюллетень қатар беріледі.
Темір жолмен алыс сапарға шыққан сайлаушылардың дауыс беруі үшін де барлық жағдай ойластырылған.
Александр Рукин, ШҚО бойынша сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Пойыздар ұзақ уақыт кідіретін аялдамаларда арнайы жылжымалы учаскілер болады. Ол үшін сайлаушының міндетті түрде есептен шығу куәлігі мен төлқұжаты болуы тиіс.
Шығыс Қазақстан облысында түрлі деңгейдегі 321 мәслихат депутаттығына 1044 үміткер тіркелді. Сайлау учаскілерінің көбі мектептерде орналасқан. Сондықтан балаларын мектепте апарып-алып келетін азаматтар үшін тізім тексеру тіпті қолайлы.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ