Алтай ауданы Северное ауылы маңында мотоциклшілер қиын жағдайға тап болып, жолға шыға алмай қалды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, олар таулы аймақта мотоциклмен жүріп адасып кеткен, кейін олар құтқарушылардан көмек сұрады.
ТЖМ қызметкерлері 1994 және 1982 жылы туған ер адамдарды тауып, Өскеменге қаласына жеткізді.