Русский Сайттың толық нұсқасы

Анасы өз қызын көңілдесімен бірге буындырып өлтірген

Павлодарда анасы өз қызын көңілдесімен бірге белбеумен буындырып өлтірген. Оқиға өткен жылдың қараша айында болған. 7 жасар Милана Давыдова анасын көңілдесімен жатқан сәтінде ұстап алыпты. Осыдан сескенген анасы қызын өлімші етіп сабап, көңілдесі екеуі белбеумен қылқындырған. Осыдан кейін бала сол жерде жан тапсырған. Ал қылмысын жасыру үшін баланың денесін үйдің ауласындағы қоқысқа көмген. Содан кейін анасы қызы жоғалып кетті деп жалпақ жұртқа жар салды. Сотта ақырғы сөзін айтқан анасы қызын өлтірмегенін айтып ақталды. Ал көңілдесі де мен өлтірмедім деп азарда безер болды. Дегенмен де, сот екеуінде кінәлі деп тауып, анасын 20 жылға, оның көңілдесін өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Нұрлан ҚАЙЫРБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯ:

Сот Әбілдинов Асқар Талапұлын ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 3 бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Өйткені, бұған дейін де 8 рет сотты болған. Ал Давыдова Татьяна Владимировна ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 3 бөлігі бойынша кінәлі деп табылсын. Сот оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтесін.