Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығына ұсынылды

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2017
  • 3616

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығына ұсынылды. Мұндай құрметке  «АТОМ» жобасының елшісі, суретші Кәріпбек Күйіков те лайық деп танылған. Бастаманы Швейцариядағы Базель бейбітшілік кеңсесі ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе көтерді. Антиядролық қозғалыс белсендісі бұл жаңалығымен фейсбуктегі парақшасында бөлісті. «Биыл мен Кәріпбек Күйіков пен Қазақстан Президенті Назарбаевты ядролық қаруды жоюдағы ерен күш-жігері үшін Нобель сыйлығына ұсындым», - деп жазады Варе. Ол келтірген сілтемедегі сыйлыққа үміткерлер парағында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның көшбасшысы ретінде 22 жыл бойы ядролық қарусыздану саласында бірқатар маңызды бастама көтергені айтылған.