Коммерциялық банктерде тұрғын үй депозитін ашуға мүмкіндік беру қарастырылып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өзге мемлекеттік органдармен және компаниялармен бірлесіп түзетулер әзірлеуде. Ведомство өкілдерінің айтуынша, жинақтарды тарту, жылжымайтын мүлікті сатып алуға қарыз беру, оларды есепке алу және мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету шарттары міндеттеледі.
Ал қаржы институттарының сарапшылары бұл құбылыс нарыққа оң әсер етеді деп пайымдайды.