Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында ер адамның денесі табылды

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2024
  • 335

Күдіктіні полицейлер «Өтірік детекторымен» анықтаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс ауылдарының бірінен ер адамның денесі табылды. Ер адамның өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, «Aqiqat» компьютерлік полиграфы арқылы зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында алынған жауаптарға полиграф оның өтірік айтқанын көрсетті. Тестілеуден кейін күдікті жасалған ауыр қылмысты мойындады.

Тағы бір жағдайда аталмыш аппаратпен полицейлер облыс ауылдарының бірінде қарақшылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында күдіктіні тексерді. Жауап алу кезінде ер адам қылмысқа қатысы жоқ екенін айтып, ақталған. Тергеуші компьютерлік полиграфтың көмегімен күдіктінің өтірік айтып тұрғанын анықтаған. Аталмыш тергеуден кейін күдікті кінәсін мойындаған. 

Айта кету керек, жедел криминалистикалық басқармада 2019 жылдан бастап ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша психофизиологиялық зерттеулер жүргізу үшін «Aqiqat» кәсіби компьютерлік полиграф жабдығы жұмыс істейді.