Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы облысының тауларында байкерлерге шабуыл жасаған үш күдікті ұстады. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалған, - деп жазды KAZINFORM.
«Қылмыстық іс адамдар тобымен жасалған бұзақылық фактісі бойынша тергелуде. Мылтық тәркіленіп, сараптамалық тексеруге жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылға мотоцикл моторының жайлы жүрген малды үркіту себеп болған», - деп хабарлайды облыстық ПД.