Қостанайда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны жалғасып жатыр. Экологиялық акцияға қала тұрғындары да белсенді атсалысып, көпқабатты үй ауласын көгалдандырып, аумағын абаттандыруда. Қала билігі ажары кірген ауланы үлгі ретінде көрсетіп, көпшілікті игі бастамаға жаппай қатысуға шақырды. Айта кетейік акция басталғалы аймақта 52 мыңнан астам ағаш егіліп, 323 гүлзар абаттандырылды.175 мың тонна қоқыс шығарылды. Бейсенбілікке 372 мыңнан астам адам қатысып, 354 техника тартылған.
Қаламқас САНДЫБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
«Таза Қазақстан» акциясы барысында біз осындай жақсы ауланы көрсетіп жатырмыз. Тұрғындар ауласын осылай жақсы ұстасын деп. Соған шақырамыз.