Русский Сайттың толық нұсқасы

Утиль алым бойынша алдын ала шешім шығарылды

Индустрия және құрылыс министрлігі утиль алым бойынша алдын ала шешім шығарды. Олар бастамашыл топтың уәждерін қанағаттандырмады. Бұл туралы Алматыда өткен қоғамдық тыңдау барысында айтылды. Басқосуға мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, салалық қауымдастықтардың, көлік өндірушілердің өкілдері, Мәжіліс депутаттары мен қоғам белсенділерінің бастамашыл тобы қатысты. Олар утиль алымынан бас тартудың дәлелді себептерін көрсетті. Көлік паркін жаңартпай, көлеңкелі экономиканы жоймай, утиль алымын азайту мәселесін көтеру бекер деп отыр.

Әділбек БЕКТІБАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

Утиль сбор туралы мен бір рет айтамын. Біздің министрлік нақты бір рет бүгін айтты. Утильсбор алынбайды. Первичка алынбайды. И төмендемейді де. Еуразиялық одақта 5 мемлекет. Әр шешім 5 мемлекеттің бәрі сол шешімге қол қоймаса шешім қабылданбайды.

Жомарт ӘЛИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

2023 жылы жиналған 4,1 миллион тонна қалдықтың 3,1 миллион тоннасы полигондарға көмілген. Заманауи мегаполисте қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналуы жылына бір адамға 300 килограмға жетеді, ал жан басына шаққандағы қалдықтардың жыл сайынғы өсімі 6% құрайды, бұл халықтың өсу қарқынынан 3 есе жоғары. Тұрмыстық қалдықтар үйінділері үлкен қауіп төндіреді. Бұл мәселелерді шешуге бағытталған қайта өңдеу жинағы.

Естеріңізге сала кетейік, утиль алымға қатысты петиция көктемде басталған болатын. Оған 50 мың қазақстандық қол қойған. Бірақ автосарапшылар уәжді негізсіз деп отыр.

Арсен ШАКУОВ, "ОРТАҚ ЖОЛ" ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бастамашылар келтірген дәлелдерді зерделей келе, олардың статистикасын зерделей келе, олардың дәлелдері шындыққа сәйкес келмейді деген қорытындыға келдік. Иә, оларды тыңдау өте жағымды, әдемі сөйлейді. Бұл жай ғана арзан танымалдылық деп есептейміз.

Кездесу үш сағатқа созылды. Соңғы шешімді бірер күнде министр мәлімдейтін болады.