Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде қос бірдей диспансер арнайы ғимаратқа көшіріледі

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2017
  • 2784

Өскеменде жүйке аурулары диспансері мен наркологиялық диспансер арнайы ғимаратқа көшірілетін болды. Мұндай тапсырманы өңір басшысы Даниал Ахметов берген. Қос аурухана орналасқан ғимаратта жұмыс істеген комиссия бірқатар олқылықтарды тапқан. Диспансер санитарлық нормаға сай келмейтін, бұрынғы жатақхана ғимаратында орналасқан. Онда 100 адамнан артық қабылдауға келмейді. Бір ай бойы емделуге келетін жасөспірімдердің аяқ басар жері де жоқ көрінеді. 4 жас пен 15 жас аралығындағы балалардың диагнозы әр түрлі болғандықтан, оларға күтім қажет. Үлкендер жағы тегін таратылар дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін айтуда. Тексеру қортындысы бойынша шенділер дәрі-дәрмек мәселесімен қатар бас дәрігердің өз орнына лайық не лайық емес екенін шешуі тиіс.

Даниал Ахметов,Шығыс Қазақстан облысының әкімі:


Менің ойымша, қазір жағдайды жақсартуға біздің қауқарымыз жетеді. Сондықтан бір апта ішінде нақты шешім шығарамыз. Жедел жәрдем ауруханасының жөндеу жұмысына 285 миллион теңге қаражат бөлінді. Енді сонда барлығы да сияды деп ойлаймын.