Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте оттегі баллоны жарылып, мұғалім қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2017
  • 2915

Шымкенттегі мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұмыс орнында қайтыс болды. Оқыс жағдай жексенбі күні түске таяу орын алған. Полицейлердің мәліметінше, бұл уақытта білім беру мекемесінің әжетханасында дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатқан көрінеді. 35 жастағы оқытушы оттегі балонының жарылуы салдарынан түрлі дене жарақатын алады. Шұғыл ауруханаға жеткізілгенімен, мұғалімді аман алып қалу мүмкін болмаған. Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД ресми өкілі:

Сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Жәбірленуші мұғалім болып істейді сол мектепте. Олар жалдамалы түрде сварщикті жалдап жұмыс атқарып жатқан кезде осындай зат жарылған.