Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында заңсыз темекі өнімдерін сатқан күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 16 шілде 2024
  • 443

«Стоп-алаяқ» жедел профилактикалық іс-шара барысында Алматы облысы ПД КПБ CyberPol орталық тобының қызметкерлері WhatsApp қосымшасы арқылы тыйым салынған темекі өнімдерін сатуды жүзеге асырған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Жедел-іздестіру жұмыстары аясында азаматтың тыйым салынған темекі заттарын - «насвай» және «түтінсіз темекі өнімін» — белсенді таратумен айналысқаны анықталды. Аталған дерек Іле ауданының полиция басқармасында тіркелді», — деді Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров.

Күдіктіден жауап алу үшін аудандық полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған адам өз еркімен 400 келі «насвай» және 1000 қорап «снюс» тапсырды.