Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін отандық спортшылар Париж Олимпиадасына аттанады

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2024
  • 219

Бүгін отандық спортшыларды Парижге шығарып салу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысының олимпиадалық дайындық орталығында Қазақстан ұлттық құрамасын Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан спортшылары 92 олимпиадалық лицензияны жеңіп алды. Парижде 25 спорт түрінен 80 қазақстандық өнер көрсетеді.

Бірінші борт 20 шілдеден бастап ұшады деп жоспарланып отыр.