«Нұр
Отанның» қоғамдық қабылдауы арқасында жамбылдық кәсіпкер 6 млн теңге несиеге
қол жеткізді. Байзақ ауданындағы шаруа қожалығының басшысы Кеулімжай Шартықбаев
бұл ақшаға қора-жай соғып, мал сатып
алған. Бұған дейін 3 жыл кезек күткен ол партияның аудандық филиалына жағдайын
айтқан соң мәселесі шешімін тапты. Қазір
75 жастағы қария төрт түлікті баптап отыр.
Былтыр Жамбыл облысы бойынша 3
мыңдай адам партияның қоғамдық қабылдауына барса, 29 пайызының мәселесі оң
шешілді. Ал, биылғы қаңтарда бұл көрсеткіш 39 пайызды құрады.
Шұғыла
Молдақұлова 3 жастағы сырқат сәбиіне жарты миллион теңге тұратын бесікарба
табуға қиналған. Қараша айында партияның қоғамдық қабылдауына келген көп балалы
анаға жергілікті кәсіпкер көмек көрсетті.
Шұғыла
Молдақұлова, Тараз қаласының тұрғыны:
«Нұр
Отанға» келіп, жағдайымды айттым: «Осындай көмек беретін адамдар бар ма?
Жағдайым келмейді, мына бесікарбаны алғанға»,- деп. Ресейге тапсырыс беріп, 1
айдың ішінде алдыртып берді.
Бақыт
Төлемісова, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық қабылдау
бөлімінің меңгерушісі:
«Нұр
Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы және аумақтық филиалдарға былтырғы жылы
3 мыңнан астам азаматтар келіп, оның 29 пайызы өтініштерінің оң шешімін тапқан.
Енді биыл қарасақ, осы қаңтар айында 350 азамат келіп, оның 39 пайызы оң
шешімін тауыпты.