Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы Атыраудағы қоғамдық қабылдауында қаралған өтініштер оң шешімін тапқан

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2017
  • 2586

«Нұр Отан» партиясының Атыраудағы қоғамдық қабылдауында қаралған өтініштер де оң шешімін тауып келеді. Қала тұрғыны Орынбасар Ершмановтың партияға алғысы шексіз. 

Өткен жылы көктемгі жауын салдарынан ескі үйі суға кетіп, мүгедек баласымен далада қалған. Шарасыздықтан партияның облыстық филиалынан көмек сұрап, нәтижесінде жаңа пәтерге қол жеткізді. Партияның ықпалымен бұл отбасы паналаған ескі үйдің құжаттары реттелген. Сондай-ақ дәрігерлердің салғырттығы салдарынан жылдар бойы рәсімделмей келген құжаттары жинақталып, Орынбасар Ершмановтың мүгедектік санаты тағайындалған. 

Орынбасар Ершманов, қала тұрғыны:

Газсыз, сусыз лашықта өмір сүріп келдім. Партияның арқасында баспаналы болдым. «Нұр Отан» партиясына үлкен алғыс білдіргім келеді.


Гүлнәр Шантемірова, «Нұр Отан» партиясы АО филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі: 

«Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2016 жылы жеке және заңды тұлғалардан 5403 өтініш түскен. Олардың 1126-сы оң  шешілді.