Режиссер
Дениэль Шэзел түсірген «Ла-ла-Лэнд» лентасы 89-шы Оскардың үздік фавориті
атанған сыңайлы. Лос-Анджелесте өткен дүбірлі шарада аталмыш картина алты
бірдей номинацияны иеленді, деп хабарлайды Рейтерс. Дегенмен, ең үздік кино
ретінде «Ай жарығы» картинасы таңдалды.
Көріп
отырғанымыздай, қателік орын алды. Ең үздік кино жүлдесі «Ла-Ла - Лэндке»
табысталды делінген, бірақ
ұйымдастырушылар олқылықты жылдам түзетті. Ал, «Ең үздік актриса» атағы, дәл осы «Ла-Ла
- Лэнд» фильміндегі рөлі үшін Эмм Стоунға, екінші рөлдегі үздік актриса атағы
Виола Дэвиске берілген. Афроамерикандық осы жетістігінің арқасында Николь
Кидман мен Мишель Уильямсты басып озды. Ал «Теңіз жағалауындағы Манчестер»
картинасы «ең үздік сценарий» атауы бойынша «Оскарға» лайық деп танылды. Басты
рөлдегі Кейси Аффлек «Ерлер арасындағы үздік рөлді» иемденді.
Шет тіліндегі
"Үздік кино" номинациясы бойынша «Коммивояжерге» жүлде тиген жоқ.
Ирандық режиссер Асгар Фархади шараға
келуден бас тартқан. Бұл қадамын ол Дональд Трамптың жеті бірдей мұсылман
елінің АҚШ-қа кіруіне тиым салған бұйрығына қарсы наразылық ретінде түсіндірді.
Бұл жолғы "Оскарды" көпшілік «революциялық Оскар» деп атады.
Себебі марапат иелері арасында қара
нәсілділердің қатары көп.