Русский Сайттың толық нұсқасы

Таза Қазақстан: Telegram-бот іске қосылды

  • AstanaTV
  • 18 шілде 2024
  • 448

Бүгіннен бастап @tazaQazBot чаты іске қосылды. Кез келген экологиялық мәселелер енді телеграм-бот арқылы шешілмек. Жобаны Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында әзірлеген. Халықтан келген ақпарат чатқа өтінім түрінде түседі, операторлар ары қарай құзырлы орган өкілдеріне жүктейді. 

Айналыңыздан қоқыс пен қалдық көрсеңіз, жол мен саябақтың санитарлық жағдайына көңіліңіз толмаса, енді телеграм-ботқа жүгіне аласыз. Чатты қосудағы мақсат - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, - дейді жауапты министрлік.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында телеграм-бот іске қосылды. Бұл бот арқылы тікелей құзырлы органдарға сұрау жібере аласыз. Телеграм-ботқа өту үшін экрандағы кодты сканерлеу қажет.

Өтінім жібергеннен кейін кері байланыс фото есеп түрінде беріледі. Жұмыстың сапасы қадағаланады.

 Айнаш Қойшыбаева, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы:

Мысалы сурет келді, қай жер екені анықталды, сол жерге әр әкімдіктің ЖКХ қызметкерлері барып тазалайды. Егер ол мектеп аумағы болса, білім басқармасына хабарланады. Сол басқарма барып «Таза Қазақстан» акциясы аясында барып тазалайды. 

Елдегі қоқысты жинау және оны сұрыптау мәселесіне жасыл даму акционерлік қоғамы жауап береді. Ол үшін биыл 185 млрд теңге бөлінеді. Қаражат қоқыс жинап, сұрыптайтын, өңдейтін зауыттарды сатып алуға жұмсалмақ.

Нұржан Қабдолданов, «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Бұдан да басқа экоқолдау автоматтандырылған жүйе іске қосылды. Ол қоқысты жинап, өңдейтін кәсіпорындарға қайтарымсыз төлеу төлейміз. Қазір 77 компания бұл жүйеге тіркелген. Бүгінгі таңда 33 компанияның жұмысын тексеріп, бекіттік.

Бұдан бөлек экологияны қорғау мақсатында бірнеше жоба іске асып келеді. «Көлсай көлдері» және «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде саябақ қызметкерлері мен келушілерге қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс жинау және кәдеге жарату жөнінде оқу-ағарту шаралары өткізілмек. 

Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.