Әзілкеш Жахан Отарғалиев жағдайы төмен отбасыға баспана сыйлап, көпшілікті жылатты. Бұл туралы Stan.kz жазды.
Соңғы кезде өнер иесі мұқтаж адамдарға баспана сыйлап, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып жүр.
“Құрметті достар! Кезекті баспанамызға ақша жиналды. Қатты қуанып тұрмыз. Жақсылық жасап жарысайық! Адамға қуаныш сыйлау жүрекке тыныштық ұялатады екен. Қайырымдылық жасауды жалғастырамыз”, – деп алғыс білдірді әзілкеш.
Отандық киножұлдыздың айтуынша, үш күнде ойламаған сумма жиналған көрінеді.
"Мына керемет эмоцияның демеушісі – сіздер. Біз 44 500 000 теңгені 3 күнде жинадық, сенесіз бе? Бұрын-соңды мұндайды көріп пе едіңіз?", – деген актер жиналған қаражатқа мұқтаж отбасыға үй әперетінін айтқан.