Русский Сайттың толық нұсқасы

Аптап ыстық болады

  • AstanaTV
  • 18 шілде 2024
  • 156

Бүгін Маңғыстау және Атырау облыстарында аптап ыстық болады -деп хабарлайды Қазгидромет.

"Оңтүстік циклон және онымен байланысты жылжушы атмосфералық фронтальды бөліктерге байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипатын сақталады: жаңбыр жауады, солтүстік, шығыс, орталық, оңтүстік-шығыс өңірлерде, таулы аймақтарда, тау бөктерлерінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрады, нөсер жаңбыр жауады. Республикамыз бойынша жел екпін алады деп күтіледі", - деп болжайды синоптиктер.

 Атырау облысында, БҚО-ның солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, Жамбыл өңірінің солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, орталығында, Ақтөбе өңірінің оңтүстік-батысында, ШҚО-ның оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының батысында, Жетісу өңірінің солтүстігінде, Павлодар облыстарының шығысында өрт қаупі жоғары болады.