Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қоқыстан арылды. «Вандализмге жол жоқ» акциясы аясында табиғат жанашырлары қалдық заттарды жинап, жіптер байланған ағаштарды тазартты. Игі іске «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының белсенділері, жас депутаттар мен «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты. Жыл басында олар сондай-ақ Жұмбақтас жартасындағы жазуларды тазалаған еді.
Сағын СҮЛЕЙМЕНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Бұл акция облыс бойынша 3 ұлттық паркте өтіп жатыр және де өзен жағалауларында және қаланың қоқыстанған, ластанған жерлерінің барлығын жинаудамыз. Бүгінгі акцияның маңызы – еліміздегі табиғатты қорғау. Табиғатты өзінің табиғи жайында қалдыру деген маңызы бар.
"Вандализмге жол жоқ" акциясы еліміздің бірнеше аймағында ұйымдастырылып жатыр. Жыл басынан бері Ақмола облысында осындай 70-ке жуық шара өткен. Белсенділер жақсы нәтиже байқалатынын айтады. "Күннен күнге қоқыс азайып, халықтың табиғатқа деген көзқарасы өзгерген" дейді.
Арайлым БЕККОЖИНА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ БЕЛСЕНДІСІ:
Келген туристер қоқыс жәшігіне салып, қоқыстар азайып жатыр. Жазулар азайып жатыр. Бұл біздің мақсатымызға қол жеткізіп жатқанымыз және жастардың түсініктері пайда болып жатыр табиғатты аялау қажет деген. Бәріміз бір бағытта жұмыс істеп жатырмыз, біз үшін біздің табиғат маңызды.