Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада экологиялық жағдайды бақылауда ұстау үшін 5 мобильді топ құрылды

Елордада «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасуда. Бұл жолы 100-ден аса адам қаланың айналма жол маңын қоқыстан тазартты. Оған «AMANAT» партиясы өкілдері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері де атсалысты. Олар қала ішінде және маңында 20 заңсыз қоқыс орнын анықтады. Астанада экологиялық жағдайды бақылауда ұстау үшін 5 мобильді топ құрылды.Әр учаскеге мәслихат депутаттары, белсенділер және бастауыш партия ұйымдарының басшылары бекітіледі.Олар сол учаскеде тұрақты түрде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ қоқыс жәшіктерін орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеу, абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешеді.

Төребек АЛХАНОВ,"АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда біз осы Астана қаласы Байқоңыр ауданы "Голубая лагуна"жерінде заңсыз қоқыстарды жинаудамыз. Бүгінгі сенбілікте 3 камазға жуық қоқыс шығарылды.Жастарға айтарым өз табиғатымызды, өз елімізді, отанымызды таза ұстайық.Тазалық бір жағынан денсаулық кепілі демекші- өз жерімізге, тұрып жатқан қаламызға мейірімділікпен махаббатпен қарауға шақырамын!