Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды

Елімізде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды. Бұған- ауа райының күрт ысуы себеп. Қатты ыстықта асфальт жабындысы жұмсарады. Бұл жолдың бүлінуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан мамандар салмағы 8 тоннадан асатын көліктердің жүруіне шектеу қойып отыр. Мәселен, ауа температурасы 25 градустан асқан жағдайда сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында уақытша шектеу енгізіледі. Ал заң талабының орындалуын өңірлердегі көліктік инспекция бақылайды.

Алмат ШОЙЫНБАЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ АҚ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биылғы жылы 1 маусымнан 15-тамызға дейін бізде сондай шектеулер қойылды. Барлық жол белгілері орнатылған. Бізде 1663 км Павлодар облысында өзініңін жергілікті жолы бар. Сол барлық жолдарда жол белгілері орнатылған. Әрі қарай транспортный инспекция жұмыстарын атқару керек. Олар жолға шығу керек, жүк көліктері нормативтен асып кеткен жағдайда оларды тоқтату керек, тексеру керек.