Русский Сайттың толық нұсқасы

Жол апатына айыпталған күдіктінің әкесі әділдік іздеп жүр

Тараз тұрғыны Қайрат Мектепов әділдік іздеп жүргеніне бір жылға жуықтаған. Осыдан 11 ай бұрын баласы үш көлік соқтығысқан жол апатына айыпты болып танылған. Оның кінәсіздігін дәлелдейтін құжаттарын жинап, сотқа өткізген. Осы айдың 12-і күні шешім шығуы тиіс еді. Бірақ кейінге қалдырыпты. Айта кетейік, сол кездегі жол апатынан жүк көлігі мен мазда маркалы жеңіл көлік жанып, үш адам өртеніп кетті.

Қайрат МЕКТЕПОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ау баста бір жақта қаралып келе жатыр, бір жақты тергеліп жатыр. Барлығын дәлелдеп не істеп беріп отырмын, бірақ оны дәлел ретінде қабалдамай отыр. Ол жерде баламның ешқандай кінәсі жоқ. Бұл жерде әділдік, шындық болмағандықтан жазықсыз жала жауып отыр.

Істі қараған судья алқа билермен кеңескен. Осыған дейін екі сараптама тағайындалған. Алайды екеуінің шешімі екі түрлі екен. Тіпті тәртіп сақшыларының сызған сызбалары да сәйкес келмейтін көрінеді.

Нүрилә ЖАМАЛБЕКОВА, АЛҚА БИ МҮШЕСІ:

Бірінші показания ол бірінші показания сондықтан сіздерде соған қарай ыңғайланыңыздар дегендей, енді біз жас емеспізғой сөзінің бәрін түсінеміз. Жоқ дәлелденген жоқ деп жаздық. Байқаймын басқада мүшелер солай жазғанау дим, үйткені он адам бәрі көріп тұрғой. Соны алды да сотымыздың түрі қатты өзгеріп кетті.

Бауыржан ҚОНАҚБАЕВ, АЛҚА БИ МҮШЕСІ:

Анау жерде он адам дәлелденген жоқ деп жазып бергеннен кейін, олардың арасында ойбай бұлардың қатысуға қаһысы жоқ екен деген шешімді қайдан алды. Баланы біз танымаймыз, оны қорғау мақсатында айтып отырған ештемеміз жоқ. Тек әділетсіздік көріп тұрған соң шырылдап жатқан жайымыз бар.

Шындық іздеп шырылдаған әке, алқа билермен біргі Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының алдына жиналды. Айлайда істі қараған судья демалысқа шығып кетіпті. Енді айыпталушы тарап істі жоғарғы сот қараса деген уәж айтуда.