Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2024
  • 136

Тараздық құтқарушылар ТҚКС-дағы өртті жойды, оқиға бүгін Сейфуллин көшесінде болды.

Өрт салдарынан бір көлік зақымдалды.

"Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттін таралуына жол берілмеді. Өрт шақырылған сәттен бастап 20 минут ішінде жойылды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.