Русский Сайттың толық нұсқасы

Коммунистер конституциялық реформаны қолдайды

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2017
  • 2477

Коммунистер конституциялық реформаны қолдайды. Президент ұсынған мемлекеттік басқару жүйесіндегі  реформаларды талқылау нәтижесінде саяси ұйым белсенділері осыны мәлімдеді. Еліміздің 7 аймағын аралаған компартия мүшелері бұл реформа алдағы уақытта жүйеге өзгеріс енгізіп Үкімет пен Парламенттің рөлін арттырады деген сенімде. Сарапшылар мен  саясаттанушылардың басын қосқан партия пікірталас шаралары мен дөңгелек үстелдер өткізіп, 9 мыңнан астам адамға әлеуметтік сауалнама жүргізген.

Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚКХП фракциясының мүшесі:


Біздің қоғамды әрі қарай жаңғыртуда, елді демократияландырудың әрі қарай іс-қимылдарын асыруда, Президенттің көрсеткен конституциялық реформалары кең көлемде рөл атқарады. Осы талқылау барысында түгел коммунисттердің барлығы осы реформаны қолдайтындарын білдірді.