Заңнамаға тиісті өзгерістерге Республика президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қырғыз көшбасшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Заңның мақсаты – өз пайдасын көру үшін белгілі бір міндеттерді шешуді ұсынатын қандай да бір жасырын, сиқырлы әрі басқа да жалған тәсілдермен қызмет көрсету саласындағы азаматтардың халық санасын манипуляциялауын болдырмау", – делінген ақпаратта.
Бұған дейін түзетулерді парламент мақұлдаған болатын. Олар жасырын мистикалық қызметтерді және оларды ұсынатын адамдарды жарнамалауға тыйым салуды көздейді.