Мемлекет басшысы металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін иеленді. Тағы 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды. Сондай-ақ 7 маман Президенттің Құрмет грамотасын алды.