Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда еңбек өтілі 200 жылға жақындаған металлургтер әулеті тұрады

Павлодарда еңбек өтілі 200 жылға жақындаған металлургтер әулеті тұрады. Бақраденовтер отбасы бұл салаға 1976 жылы қадам басқан. Ақсу ферроқорытпа зауытына металл балқытушы болып келген Қыдырбай Бақраденов бүгінде осы саланың құрметті азаматына айналды. Өзі зейнетке шыққасын бұл саланы оның балалары мен немерелері жалғастырды.

Рустам БАҚРАДЕНОВ, МЕТАЛЛУРГ:

Мен металлургтер отбасында өстім. Сондықтан бала кезден осы мамандыққа деген құрметім ерекше болды. Әкемнің достары да өңкей метталлургтер болатын. Сол себепті де өсе келе осы мамандықты таңдауға бел байладым. 90 жылдары оқу бітірген соң, бірден осы Ақсудағы зауытқа келіп жұмысқа орналастым. Содан бері осында жұмыс істеймін.

Рустам Бақраденов Ақсудағы зауытта 25 жыл еңбек етіп келеді. Қазір осы кәсіпорынның цех бастығы болып жұмыс істеп жатыр. Ал інісі Дамирде 10 жылдан бері инженер-механик болып қызмет атқарады. Ал әпкелері колледждердің бірінде металлург мамандарды оқытады. Ал жақында ғана Қыдырбай ақсақалдың немересі де осы зауытқа жұмысқа орналасты.

Рустам БАҚРАДЕНОВ, МЕТАЛЛУРГ:

2 жыл бұрын менің де қызым оқу бітірген соң, осында жұмысқа келді. Қазір Астанада жұмыс істеп жатыр. Бірақ, осы металлургия саласынан алыстаған жоқ. Бауырларым да әпкемде осы салада еңбек жасап жүр. Ал екінші қызым 11-сыныпта оқиды. Кіші ұлым 5 сыныпта. Оларда кейде не металлург, не механик боламыз деп қалжыңдайды.

Ақсу ферроқорытпа зауытында 8 балқыту пеші бар. Мұнда хромды 1800 градустық ыстықта балқытады. Ал ондай ыстыққа екінің бірі шыдай бермейді. Бақраденовтердің жалпы еңбек өтілі 200 жылға жақындаған. Балалары мен немерелері бұл жолды одан әрі жалғастыра бермек.