Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл басынан бері елімізде 35 бала суға кеткен

Жыл басынан бері елімізде 35 бала суға суға кетіп, қайтыс болды. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан қауіптін алдын алу үшін үндеу жасады. Айтуынша, көптеген жағдайларда балалар жабдықталмаған, суға шомылуға тиым салынған жерлерде қаза болуда. Сондықтан балаларға бейтаныс жерлерде шомылудың, биіктен суға секірудің, тереңге бойлаудың және күшті ағыстардың өте қауіпті екендігін ескертті. Сондай-ақ су айдынында немесе бассейнде құтқару кеудешелерімен, басқа да жүзу құралдарын пайдалануын керектігін айтты.

Жолдас БАТЫРХАН, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті перзенттеріміздің болашағы үшін үнемі сақтық шараларын ұмытпауларыңызды сұрайды. Атап айтқанда, балаларыңыздың су айдындарына жалғыз бармауларын қадағалаңыз, жағажайларда және су қоймаларында қараусыз қалдырмаңыз. Кәсіби құтқарушылар кезекшілік ететін арнайы жабдықталған және күзетілетін жағажайларда ғана бірге шомылыңыз.