Қазақстан мен Беларусь десантшылары "Бауырластық шыңы – 2024" оқу-жаттығуы барысында барлау тапсырмаларын бірлесе пысықтады. Біріккен екі бөлімшенің құрамындағы толық жабдықталған әскери қызметшілер бір жарым тәулік ішінде биік таулы жерлерден траверс арқылы өтті. Бағдар барысында десантшылар барлау жүргізудің іздеу, тосқауыл қою және шабуыл жасау секілді түрлі тәсілдерін пысықтады. Оқу процесінде бөлімшелердің үйлесімділігі артты. Екі елдің десантшылары тиімді іс-қимыл нұсқаларын талқылап, шешім қабылдап, элементтерді сол жерде пысықтады. Содан кейін ғана тапсырмаларды орындауға кірісті.