Русский Сайттың толық нұсқасы

38 градусқа дейін күн ысиды

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2024
  • 179

20, 21 және 22 шілдеде күн қатты ысиды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық қысымның төмендеуінен кейде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады және екпінді жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, ал шығыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ пен қатты нөсер жаңбыр күтіледі.

Күндіз ауа температурасы республиканың солтүстігі мен шығысында +20...+28, оңтүстігінде +34...+39, республиканың орталығында +25...+33, оңтүстік-шығыста +30...+38, батысында +33...+38 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі.