Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы шешім қабылданбаған

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2017
  • 2507

Елімізде атом электр стансасын салу жақын арада жүзеге аспайды. Бұл туралы энергетика министрі «МАГАТЭ» төрағасының орынбасарымен кездесуі барысында айтты. Онда ядролық инфрақұрылым кешені жайлы да сөз болған. 

Қанат Бозымбаев: «Егер 2020 жылға қарай қуат көзінің тапшылығы сезілетін болса, зауытты салу немесе салмау мәселесін қайта жоспарлайтын боламыз. Егер біз электр энергиясының экспортын жандандырсақ, атом электр стансасын салуды мықтап қолға алар едік. Бірақ олай болмағандықтан, техникалық-экономикалық негізге, яғни өзімізге тиімді тұсқа, көбірек көңіл бөлеміз»,- деді. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Жақын арада ондай қадамға баратын жоспар да жасалмаған. Үшіншіден, біз бүгінде шығындап отырған қуат көзіне қарай отырып, өзімізге тиімдірек электр көзін қарайтын боламыз.

Өз кезегінде Атом қуаты халықаралық агенттігі төрағасының орынбасары Михаил Чудаков Қазақстан тарапына  ядролық инфрақұрылымды кешенді шолу жөніндегі есебін тапсырды. Құжатта 12 нақты ұсыныс және үш бірдей тәжірибе ұсынылған. 

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ