Солтүстік Қазақстан облысында тамақтан уланып, екі баласы көз жұмған отбасыны тексеру кезінде стафилококк бактериясы анқыталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау ұйымының мәліметінше, отбасы тұтынған мұздатылған жартылай фабрикаттардан: тұшпара, мұздатылған ет пен шикі шошқа майынан стафилококк бактериясы табылған.
"Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша азық-түлік өнімдерінде (мұздатылған жартылай фабрикаттар - тұшпара, мұздатылған ет, солянка, шошқа етінің шикі майы) стафилококк, шартты флора және мезофильді аэробты, факультативті анаэробты микроорганизмдер анықталды", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ үйдегі ауыз су да талапқа сай емес екені анықталды.Үйдің жертөлесіндегі көмірқышқыл газының шекті концентрациясы рұқсат етілген мөлшерден алты еседен асып кеткен.
Тергеу жалғасуда.