Русский Сайттың толық нұсқасы

Шомылу маусымы басталғаннан бері 35 бала суға батып кетті

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2024
  • 293

Еліміздің су айдындарында 50 күнде 160 адам құтқарылды. Бұл ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ТЖМ полициямен бірлесіп рұқсат етілген және тыйым салынған орындарда патрульдеу мен рейдтер өткізеді. Іс-шараға волонтерлер, жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Жыл басынан бері 55 мыңнан астам осындай шара жүргізіліп, құқық бұзған 11,5 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап 730 адам тартылды.
Шомылу кезеңінің бірінші айында еліміздің су айдындарында құтқарушылар 160 адамды, оның ішінде 44 баланы құтқарды.
Шомылу маусымы басталғаннан бері 87 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті. Шомылу маусымында елімізде суға батқандардың басым бөлігі (85%) шомылуға тыйым салынған орындарда болды», - делінген хабарламада.